Ақарыс Жұмын жеке блогы

Алғашқы тапсырыстарды қалай табуға болады?

Тильда Дизайн
Менен көп адам тапсырысты қайдан алсам болады деп сұрап жатады.

Мен сіздерге алғашқы тапсырыстарды қайдан табуға болатыны жөнінде бірнеше посттар сериясын шығарамын деп шештім. Көреміз енді😄. Бірақ бұл сіздерге ешқандай гарантия бермейді. Менің міндетім сіздерге жол көрсету. Әрі қарай оны алып кету сіздерге байланысты. Ал КЕТТІК!


  1. ⠀Әрине басында сенде ешқандай тәжірибе, портфолио болмағанда тапсырыс табу қиын. Саған ешкім міне деп жұмыс бере қоймайды.
  2. ⠀ Ең бірінші керекті білімді алып ал. Курсқа қатыс, үйрен, біл. Бастапқы қабілетті ал (Менің курсымды ал деп жатқан жоқпын😂, қаласаң тегін ақпараттарды қарайсың ғой)
  3. ⠀Ойыңнан құрастырып бір сайт жаса. Білмеймін, тауық сататын сайт па, өзің білесің😁🐔
  4. ⠀Таныстарыңа жазып, хабарласып өз жұмыстарыңды көрсет☎️
  5. ⠀Сайтты тәжірибе, пікір алу мақсатында және портфолиоңа қосуға жасап көр. Тапсырыс беруші: Табыс алып келетін ТЕГІН сайт алады. Сен: шынайы кейс және тапсырыс берушімен жұмыс жасау тәжірибесін аласың. WIN-WIN. Егер сәті түссе ақшасын да беріп жатар💸

⠀Қысқаша айтқанда бірінші портфолио жинап ал💼 Бұл тек сайт жасайтындарға емес, барлығына қатысты. МАҢЫЗДЫСЫ ПОРТФОЛИО

⠀Жай ғана жасап көр! Есіңде болсын, бас тартса сен ештеңе жоғалтпайсың, керісінше тағы да тәжірибе аласың, «отказдан» қорықпау тәжірибесі

⠀Егер бірнәрсе дұрыс болмаса да ештеңе етпейді, әрі беріден кейін сен «тегін» жасап жатырсың ғой