⠀Біріншіден, барлығын бірден біле алмайсың. Және де тек білгеннен дым пайда жоқ, егер оны қолдана алмасаң. ❌
⠀Негізінен, ең пайдалы білім - керек болған жағдайда алған білім. Бірнәрсе істеу керек болды, бірақ қалай жасау керектігін білмейсің. Видеосабақтан немесе кітаптан оқып үйреніп, соны бірден практикада қолдансаң - алған біліміңді ұмытпайтын боласың. 🌟
⠀Енді дизайнер нені білу керек деген сұраққа жауап берейін:
⠀• Дизайн💡. Әринее. Дизайнды білемін дейтін адам дизайн принциптерінің барлығын білу керек: композиция, түс таңдау, типографика, дизайн психологиясы, айта берсем көп. Барлығын зерттеп, үйреніп алыңыз.
⠀• Инструменттер⚒. Фотошоп, иллюстратор, фигма деген сияқты дизайнға қолданатын инструменттердің барлығын білу керек. Неге екені айтпасамда түсінікті.
⠀• Маркетинг негіздері📣. Сіздің жасап жатқаныңыз әдемі ғана емес, сатылым алып келетін болу керек. Дизайнда да маркетинг бар.
⠀• Логика🧠. Дизайнер художник емес. Жасап жатқан дүниесінде логика болу керек. Не үшін бұлай, неге бұл түс, т.с.с. Ойына келгенін жасаса ол уже дизайн емес