Ақарыс Жұмын жеке блогы

Неден бастаймын?

Тильда Дизайн
Көп адам менен сайт жасауды неден бастаған дұрыс деп сұрайды.

Сайт жасауды енді ғана бастасам, қандай қадамдардан бастаушы едім деп өзіме сұрақ қойдым.🧑🏻‍💻

Менің жауабым мынандай:


  1. Кем дегенде 3 фейк сайт жасаушы едім. Егер мен новичок болсам, маған ешкім сеніп проект бере қоймайды ғой. Сол үшін практика мақсатында шынайы проект болмаса да, бірақ алғашқы қадамымды жасаушы едім.💫
  2. Кез келген проектті алып, отзыв үшін тегін болса да сайт жасап беруші едім. Бұл жерде енді шынайы проекттермен жұмыс жасап, тәжірибе жинау.💼
  3. Курстарға қатысушы едім. Курсқа қатысқан адамдардың результатқа жетуі жылдамырақ болады. Өзің ізденсең де болады, бірақ процесс ұзақ болады. Және саған ешкім жол көрсете алмайды. 💻
  4. Портфолио жасап, өзімді барлық жерде көрсетуге тырысар едім. Адамдармен контакт құру- тапсырыстардың көп болуының кілті.📣

Міне, осы 4 қадамнан бастауға сіздерге кеңес беремін.✅

Әрбіреуін саралап, практикада қолданып көрсеңіздер, сапалы сайт жасап, одан табыс көруге алғашқы қадамдарыңызды бастайсыздар.🔥

Сіздерге пайдалы болды деген сенімдемін.