Shonbay Inc. негізін қалаушыларының бірі
Копирайтинг саласын бізде көптеген кәсіпкерлер түсіне бермейді. Себебі олар мәтін сатылымға қалай әсер ететінін білмейді. Ал менің ойымша, копирайтинг бұл маркетингтегі, бизнестегі негізгі құрал. Себебі сайт жасау үшін, сататын видео түсіру үшін де, пост жазу үшін де осы копирайтинг керек. Сондықтан бұл саланы ерте ме, кеш пе бәрімізге оқып, үйреніп алу керек деп ойлаймын. Ал мына кітапшаны кез келген кәсіпкер мен интернет маркетолог оқуы керек деп ойлаймын.
Shonbay Business School директоры
Копирайтинг қазіргі кезде кез келген маманға керек. Себебі бұл интернет маркетингтің негізі. Егер сіз копирайтингті білмесеңіз, сайт та, видео да, баннер де жасай алмайсыз. Сол үшін мен кез келген интернет маркетинг саласында жүрген жандарға копирайтингті үйренуді ұсынар едім. Ал бұл кітапша тура осы саладағы мамандардың кез келгеніне жарайды.
Қазір түрлі эксперттермен жұмыс істеп, олардың продюссері болып жүрген соң, предзапуск, запуск кезеңдерінде үнемі копирайтерлердің көмегіне жүгінеміз. Оған қоса командамдағы сайт жасайтын маманнан бастап, дизайнер, видеографтардың да мәтін жаза алғанын қалаймын. Ал ол үшін бәріне копирайтингті меңгеруі керек. Осы тұста бұл кітапша тура біздің командаға арналған секілді.